Кездесуде мемлекет басшылары қабылдаған қаулылар аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің транспорт органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Тараптар көліктік байланысты дамыту, ШЫҰ аумағының көліктік-транзиттік әлеуетін кеңейту, транспортты карбонизациялау үдерсітеріне консолидациаландырылған тәсілдерді іздестіру, сондай-ақ көліктік саласындағы қабылданған құжаттарды жүзеге асыру бойынша ұйымдағы қолданыстағы механизмдердің ынтымақтастығын белсендендіруге келісті.
Жиналысқа қатысқан Өзбекстан Республикасы Транспорт министрінің бірінші орынбасары Маманбий Омаров құрықтық пен мультимодаль ткқлік дәліздерінің мүмкіндіктерінен одан әрі тиімді пайдалану үшін Ұйымдарға мүше мемлекеттер және оның шегараларынан тыс Солтүстік-Оңтүстік және Шығыс-Батыс бағыттарында жаһандық үздіксіз жеткізіп беру тізбегін құрайтын бірыңғай көлік желісін қалыптастыру үдерісін аяқтау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, көліктегі тасымалдау үдерісін цифрландыруды дамыту, мұнда трансшекаралық пункттерді кесіп өтуді жеңілдетудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Осы бағытта Өзбекстанның бастамасымен e-Permit электронды рұқсат беру жүйесі 2021 жылы Түркиямен, 2024 жылдың апрель айында бұл жүйе Қазақстанмен сәтті іске қосылды. Қазіргі уақытта бұл жүйені жолға қою бойынша Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан елдерімен белсенді жұмыс жүргізілуде.
– Электронды рұқсаттарды қолдану географиясын кеңейту мақсатында ШЫҰ-ға мүше басқа мемлекеттерді e-Permit жүйесіне қосылуға және сатылай түрде электронды тауар-транспорт жүк құжаты eCMR-дан қолдануға шақырамыз, – деді М.Омаров.