Кездесу басында БҰҰ Бас хатшысы Мемлекет басшысы мен Өзбекстан халқын ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, елге бейбітшілік, тұрақтылық, бақ-береке мен өркендеу тіледі.
Кездесуде Өзбекстанның БҰҰ және оның институттарымен ынтымақтастығын одан әрі кеңейту әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Антониу Гутерриштің Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы көпқырлы байланысты дамытуға қосып келе жатқан жеке үлесін жоғары бағалап, БҰҰ жүйесін реформалауға бағытталған бастамаларын қолдайтынын жеткізді.
Тараптар белсенді саяси диалог пен өзара сапарлардың артып келе жатқанын, сондай-ақ Өзбекстанның БҰҰ-ның сайланбалы органдары жұмысына қатысу аясы кеңейіп отырғанын атап өтті. Соңғы жылдары Өзбекстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының 15 қарары қабылданған.
Антониу Гутерриш Өзбекстанның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқанын атап өтті. Осы бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға дайын екені расталды.
Сұхбат барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылып, алдағы бірлескен іс-шаралар жоспары қаралды.