Ақпарат кеңістігіндегі өзекті мәселелер қаралды

    Ел назарында 1 Fevral 2024 1104

    Үстіміздегі жылдың 30 январында «Юксалиш» қозғалысы «Өзбекстанның ақпараттық кеңістігі: өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізілді. Оған тиісті мемлекеттік мекемелер және ұйымдар, азаматтық қоғам, БАҚ өкілдері, ұлттық және шетелдік сарапшылар қатысты.

    Өзбекстанда сөз еркіндігі және БАҚ қызметі еркіндігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар оң қадамдар жасалды. Бүгінгі ұлттық медиаланшафтқа назар аударсақ, соңғы 7-8 жылда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының саны 41 пайызға артқанын көреміз. Егер 2016 жылы 1 514 БАҚ тіркелген болса, 2023 жылға келіп, олардың саны 2100-ден асады, оның 65 пайызы беймемлекеттік БАҚ.

    Тіркелген телеарналар саны 65-тен 84-ке (+29%), интернет-басылымдар 395-тен 745-ке (+88%) өсті, газеттер саны 691-ден 631-ге (-9%) азайған.

    Бұл сандар, белгілі бір мағынада еліміздегі реформалар, азам құқықтары, әлеуметтік мүдделерді насихаттап, оны халыққа жеткізуде, белсенді азаматтық ұстанымын білдіруде журналистер мен блогерлердің белсенділік танытқанын көрсетеді.

    — Мемлекет ұлттық контент болуға белгілі бір жағдай жасады. Мұны салықтан, бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеуден өкізуде берілген жеңілдіктерден көруге болады. Қазіргі уақытта Ақпарат кодексі әзірленіп, халықаралық қауымдастықпен бірге қаралуда. Журналистік қызметке араласпау туралы арнайы заң жобасы да дайындалды, – деді АОКА Талдау және жоспарлау басқармасының басшысы Марат Айтов.

    Осыған қарамастан, еліміздің ақпараттық кеңістігіндегі ұлттық контенттің жай-күйі көңіл көншітпейтіні, әсіресе, түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерде ұлттық мүдде тұрғысынан сапалы контенттің аздығы айтылды.

    Соңғы кездері Өзбекстан жұртшылығын бірқатар сыртқы «ақпараттық шабуылдар» алаңдатып отырғаны, мұндай шабуылдар қатарында еліміздің егемендігі мен мемлекеттілігіміздің тарихына күмән келтіру сияқты фактілері де бар екені айтылды.

    Сонымен қатар, талқылау барысында ұлттық контентті дамыту бағытындағы проблемаларға, мәселен, ұлттық тақырыптардағы ресурстарды жаратуға қаражаттың немесе кадрлардың жетіспеуі салдарынан олқылықтар шет елдерден көшіріліп жатқанына тоқталды.

    Шарада әділет министрінің кеңесшісі, блогер Шахноза Соатова, ӨзA бас директорының бірінші орынбасары Хушнуд Худойбердиев, саясаттанушы Камолиддин Роббимов, Gazeta.uz интернет-басылымы бас редакторының орынбасары, журналист Мухрим Аъзамхужаевтар ұлттық контент жасаушылардың аздығы, креативті индустрия мен кадрлардың жетіспеуі, телеарналардағы ұлттық контенттің қанағаттанарлықсыздығы, олар әлеуметтік ойлауды қалыптастыру, қоғам мен мемлекеттің бірлігін қамтамасыз ету деңгейінің өте төмендігі, пікірталастың жоқтығы сынға алынды. Сонымен бірге, биліктің көпшілік алдында көбірек шығуы контентті дамытудың бірден бір жолы екендігіне, сөз еркіндігіне толық қол жеткізу үшін мемлекеттің өзі, оның институттары, қоғаммен жұмыс істей білуі, қоғамды тыңдау және шешім табу қабілетін арттыру қажет екенідігі турал пікірлер білдірілді.

    Талқылауға қатысушылар күн сайын көбейіп жатқан «ақпараттық шабуылдарға» лайықты жауап қайтарып, ақпараттық егемендікті қамтамасыз ету және сапалы ақпарат ағынын арттыру бойынша ой-пікірлер мен ұсыныстар берді.

    «Юксалиш» қозғалысының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates