Шавкат Мирзияев электромобиль желісін дамыту бойынша таныстырылымға қатысты

    Билік 10 Oktabr 2022 4137

    10 қазанда Президент Шавкат Мирзияев электромобильдер желісін дамытуға және сервистік қамтуды арттыруға бағытталған жобалардың таныстырылымына қатысты.

    Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған Даму стратегиясында «жасыл экономикаға», оның ішінде электромобильдер шығаруға көшу бойынша міндеттер белгіленген. Осы жылдың 14 ақпанында өткен кеңесте Мемлекет басшысы бұл жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын.

    Презентацияда «Узавтосаноат» акционерлік қоғамының басшылары бұл бағытта шетелдік компаниялармен жасалған келісімдер мен қабылданатын үлгілер туралы ақпарат берді. Электромобильдер шығаруды жолға қою, зарядтау станцияларының желісін кеңейту, құрамдас бөліктерді локализациялау мәселелері талқыланды.

    – Электромобильдер күнделікті өмірімізге өте жылдам енуде. Импорт көбейіп жатыр. Неліктен? Өйткені сұраныс бар. Мұндай машиналардың шығыны аз. Ең бастысы, халық осыны мақұл көруде. Сондықтан біз халқымызды заманауи электромобильдермен қамтамасыз етуіміз керек, – деді Шавкат Мирзияев.

    Шындығында, электромобильдердің жүруі қарапайым көлікке қарағанда 10 есе, ал қоршаған ортаға зияны 3 есе аз. Дамыған елдерде мұндай көліктерді қолдану артып келеді. Әрине, бұл үшін инфрақұрылым қажет.

    Мысалы, әлемде әрбір 20 электромобильге бір зарядтау станциясы бар. Өзбекстанда негізінен Ташкент пен Самарқандта орналасқан мұндай жерлердің саны 50 ғана. Электромобильдерге қызмет көрсету орталықтары жоқ.

    – Әрбір қаулымызда бір жылға емес, ондаған жылдарды көздеу керек. Экологияны ескере отырып, болашақты ескере отырып бұл желіні қазірден дамытуымыз қажет. Мұны неғұрлым тезірек жасасақ, көлік нарығы соғұрлым бәсекеге қабілетті болады. Басқа электромобиль шығаратын компаниялар да келеді, деді Мемлекет басшысы.

    Сондықтан осы салада тәжірибесі бар шетелдік компаниямен бірлескен кәсіпорын құрып, әмбебап электромобильдер шығаруды жолға қою керектігі баса айтылды.

    Мемлекет басшысы электромобильдердің бағасы арзан болуы керектігіне баса назар аударды. Бұл компоненттердің локализация дәрежесіне байланысты.

    Мысалы, электромобиль құнының 30 пайызы аккумулятор, ал 10 пайызы электр сымдары құрайды. Республикада литий, мыс, графит қорларын пайдалана отырып, мұндай бөлшектерді өз елімізде оңай жасауға болатыны көрсетілді.

    Сондай-ақ, жергілікті электромобиль сатып алуға алынған несие пайызының бір бөлігі қайтарылатыны белгіленді.

    Бүгінде Ташкентте 20 электробустың қатнауы жолға қойылған. Келер жылы Ташкнтте тағы 200, Самарқандқа 100 электробус әкелу жоспарлануда. Мұндай көліктерді басқа қалаларда да жолға қою керектігі айтылды.

    Электромобильдерге қызмет көрсету желісін кеңейту мәселесі де қозғалды. Алдағы екі жылда екі мың зарядтау станциясын құру міндеті қойылды. Жер, мүлік және пайда салығынан босату осы станцияларға да қатысты. Кәсіпкерлерге электр қуатын зарядтау бекеттері арқылы еркін бағамен сату құқығы беріледі.

    Сондай-ақ осы саладағы мамандарды даярлаудың маңыздылығы да сөз болды. Турин политехникалық университетінде электромобильдер бойынша ғылыми зертхана құрылып, профессор-оқытушылар мен мамандар Қытай, Германия, АҚШ, Корея елдеріне оқуға жіберілетіні айтылды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates