Душанбеде Орталық Азия елдерінің жетекші әйелдер диалогы өтті

    Үстіміздегі жылдың 14 сентябрінде Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының төраймы Танзила Нарбаева басшылығындағы делегация Тәжікстанның Душанбе қадасында «Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне бейімделу жағдайында гендерлік теңдікке қол жеткізу» тақырыбында өткізілген Орталық Азия елдерінің жетекші әйелдер сұхбатының кезектен тыс жиналысына қатысты.

    Айта кетейік, шара Орталық Азия елдері басшыларының кезектегі, бесінші Мәслахат кездесуі аясында ұйымдастырылды.

    Ақпарат ретінде: аймақтық платформа саналатын Орталық Азия елдерінің жетекші әйелдерінің диалогы Өзбекстанның бастамасымен 2020 жылдың декабрь айында құрылған. Еліміз 2021 жылы диалогқа төрағалық еткен еді.

    Шараға Қазақстан парламенті Спикер орынбасары, Қырғызстан Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасары, Тәжікстан мен Түркіменстанның депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы күрес комитетінің Атқарушы құрылымының басшысы және Бас хатшының арнайы өкілі Наталья Герман бейнеүндеу жасады.

    Кездесуде климаттың өзгеруі жағдайында гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту бойынша болашақ сындарлы ынтымақтастықты қамтитын платформа құру, қазіргі проблемаларды тиімді шешуге бағытталған стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу сияқты мәселелер басты назарда болды. Тараптар өзара ойларымен, ақпараттармен тәжірибе алмасты.

    Сенат Төрайымы Танзила Нарбаева өз сөзінде қазіргі таңда Орталық Азияның әлемнің көптеген аумақтарына қарағанда жаһандық климаттық өзгерістердің теріс салдарын бастан кешіріп жатқанын, бұл өз кезегінде су ресурстарының тапшылығын, мұздықтардың еруін, құрғақшылық салдарының жеделдеп жатқанын атап өтті.

    “Арал теңізінің құрғауы және Аралқұм тұзды шөлінің пайда болуы өңірде күрделі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді туғызды. Дәл осы себепті БҰҰ Бас Ассамблеясы Арал трагедиясын қазіргі заманның жаһандық экологиялық проблемасы ретінде мойындады”.

    Т.Нарбаева Орталық Азияның жетекші әйелдері диалогының қызметіне де тоқталды. «Осы құрылым гендерлік теңдікті қамтамасыз ету тұрғысынан талабы жоғары ұсыныстарды әзірлеудің маңызды платформаға айналды. Қысқа уақыт ішінде Диалогты ең алдымен, мемлекет басшылары, сондай-ақ БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелері, Парламентаралық Одақ, ШЫҰ, ТМД және тағы басқа да халықаралық ұйымдар тарапынан мойындалып, байыппен қолдап-қуатталды.

    Диалогтың жұмыс жоспарында өңіріміздегі экологиялық проблемаларды зерделеу және гендерлікке қатысты жақтарды ескере отырып, оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу бастамасы көтерілді. Сондай-ақ гендерлік күн тәртібін көпжақты форматта экологиялық қозғалысты жою мақсатында одан әрі ілгерлету, мұнда халықаралық қаржы институттарынан инвестициялар тарту ұсынылды.

    Конференция панельдік сессияларға бөлініп, өз жұмысын жалғастырды. Оларда «Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне және табиғи апаттарға бейімделу жағдайында гендерлік теңдікке қол жеткізу» және «Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда Орталық Азияның экологиялық бастамалары» тақырыптарында талқылаулар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.