Сүт безі қатерлі ісігі: Өзбекстанда ауруды ерте анықтау жүйесі енгізілуде

    Бұл аурудың таралу деңгейі әр 100 мың адамның 12-сін құрайды.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша,әлем бойынша әр жылы 2,3 миллионнан астам әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады. Соған қарамастан дамыған елдерде 40 жастан асқан әйелдер арасында бұл аурудан болатын өлім-жітім 90 пайызға төмендеген.

    Бірақ кейбір табысы төмен елдерде бұл аурудың өмір сүру деңгейі 50 пайыз немесе одан да аз. Дегенмен, БҰҰ 2040 жылға қарай, сүт безі қатерлі ісігінен 2,5 миллион әйелдің өмірін сақтап қалу туралы бастаманы көтерген.

    Республикалық мамандандырылған онкология және радиология ғылыми-практикалық медицина орталығының бөлім меңгерушісі Лола Алимхужаева осы дерттің алдын алу және тиімді емдеу жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

    — Бұл патология негізінен 45-65 жаста дамиды», - дейді маман. – Сол себепті осы жастағы әйелдерді жоспарлы маммографиялық тексеруден өткізіп тұру қажет.

    Елімізде бұл бағытта тиісті іс-шаралар жүзеге асырылуда. Президенттің «Халыққа гематологиялық және онкологиялық қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» қаулысында республика бойынша 45-65 жас аралығындағы әйелдер сүт безі обырына скринингтік тексеруден өтетіні белгіленген.

    Осыған сәйкес, жыл сайын 45-65 жас аралығындағы 1,5 миллионға жуық апа-сіңлілеріміз осындай тексерулермен қамту шаралары жүргізілуде, өйткені сүт безі қатерлі ісігін дер кезінде анықтау арқылы науқастың өмірін сақтап қалуға болады. Сондықтан дәрігерлер 50 жастан асқан әйелдерге жыл сайын маммографиядан өтуге кеңес береді.

    Өзбекстанда осы жастағы 3 миллионға жуық әйел жасайды. Бұл аурудың таралу деңгейі 100 мың адамның 12-сінде болады.

    Сүт безі қатерлі ісігінің ерте — 1-2 басқышында 10 жағдайдың 9-ында аурудан құтылуға болатынын атап өткіміз келеді.

    Сондықтан маммографиялық тексерулермен қамтуды кеңейту бойынша «Өзбекстан-2030» стратегияны «Жастар мен бизнесті қолдап-қуаттау жылында» жүзеге асыруға қатысты мемлекеттік бағдарламасы 17-мақсатында да нақты іс-шаралар белгіленген.

    Осыған орай, сүт безі обырын ерте анықтау жүйесі енгізіліп, аудандық медициналық бірлестіктері 14 маммографиялық құрал-жабдықтармен жабдықталып, республиканың бірыңғай ридинг жүйесіне интеграцияланады.

    Жылжымалы және стационарлық маммографтардың жұмысын 2 ауысымда ұйымдастыру үшін 4 дәрігер радиолог пен 175 рентген лаборанттар үшін штаттық бірліктер бөлу шаралары жүргізілуде.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates