Мәжілісті Ұлттық комиссияның төрайымы Танзила Нарбаева жүргізді.
Шараға Ұлттық комиссия мүшелері, жауапты министрліктер мен кеңселер, беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ БАҚ қызметкерлері қатысты.
Онда адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, халықаралық ынтымақтастық аясында қол жеткізілген нәтижелер, алдағы міндеттер талқыланды.
Айтылғандай, салаға қатысты заңдылық негіздерін нығайту және заңдылылық базаны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жұмыстары дәйекті түрде жалғастырылды. Тек 2022 жылдың өзінде 11 нормативтік -құқықтық құжат қабылданды.
Жаңа редакциядағы Конституция мен Еңбек кодексіне еңбек қатынастарын реттеуге қатысты жаңа нормалар енгізілгені, атап айтқанда, мәжбүрлі еңбектің, сондай-ақ балалар еңбегінің, олардың денсаулығына, қауіпсіздігіне, ақылақтығына, ақыл және физиалогиялық дамуына қауіп төндіретін, сонымен қатар оның білім алуына кедергі болатын түрлі формадағы тыйым салу белгілеп қойылғандағы айтылды.
Салада жаңа жобаларды жүзеге асыру, халықаралық рейтингтерде Өзбекстанның ұсытанымын одан әрі нығайту мақсатында Ұлттық комиссия бекіткен «Жол карталарын» жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгені атап өтілді.
2022 жыл мәжбүрлі еңбекке қарсы күрестің нәтижесінде өзбек мақтасына салынған көптеген тыйымдар жойылған жыл ретінде есте қалатыны белгілі. Бұл біздің кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндіктер есігін ашуға қызмет етеді.
Т.Нарбаева атқарылған жұмыстармен бірқатарда, салада түйткілді мәселелер де жоқ емес екеніне тоқталды.
- Алдымызда, еңбек қатынастарын халықаралық стандарттар бойынша одан әрі жетілдіру, бейресми жұмыспен қамтуды қысқарту, қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды күшейту, сонымен қатар гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және басқа да осыған ұқсас мәселелер тұр. Бекітілген «жол карталарындағы» тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажет. Біздің жұмысымыз кейбір сандарды түзетпей, нақты нәтижеге бағытталуы керек. Аталған шаралар бірінші кезекте адам құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге, азаматтар үшін қауіпсіз және лайықты еңбек жағдайларын жасауға бағытталған, —деді, Комиссия төрайымы.
Шарада қол жеткізілген нәтижелер негізінде, мақта-тоқымашылық өнеркәсіпорындарының қызметіне халықаралық стандарттарды кеңінен қолдану және осы арқылы кәсіпорындарда лайықты еңбек қағидаттарына қол жеткізу басты міндеттердің бірі ретінде айқындалды.
2022 жылы осы сала кәсіпорындарының қызметіне «Better work» және «BCI» халықаралық стандарттарын енгізу бойынша басталған жұмысты дәйекті түрде жалғастыру қажет екендігі де айтылды.
Атап айтқанда, , «Better work» бағдарламасына старт беру бойынша Халықаралық Еңбек Ұйымы мен Ұлттық үшжақты серіктестер арасында қол қойылған меморандум және «BCI» халықаралық стандарттарды енгізу бойынша «Better Cotton» ұйымы, Ұлттық комиссия мен “Узтуқимачиликсаноат” бірлестігі тарапынан бекітілген «Жол картасын» жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер белгіленді.
Сондай-ақ халықаралық стандарттарды тәжірибеге енгізу, өзара тәжірибе алмасу мақсатында Ұлттық комиссия жанынан Better Cotton стандарттарын енгізу бойынша Ұлттық мәслахат Кеңесін құру мәселесі талқыланды және қолдау тапты.
Мәжілісте адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша Ішкі істер министрлігі, мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес мәселелері бойынша Кембағалдықты қысқарту және жұмыспен қамту министрлігі басшыларының, аумақтық комиссиялар өкілдерінің есептері тыңдалып, талқыланды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.
Талқыланған мәселелер бойынша Ұлттық комиссияның тиісті қаулысы қабылданды.