Балаларға дене қызуын түсіретін дәрілерді қашан беруге болады?

    Денсаулық 19 Oktabr 2022 5046

    Міне, суық күндер де басталды. Қазір маусымдық аурулардың белең алған кезі. Бұдан былай балалар арасында жұқпалы респираторлық вирустық аурулар (ЖРВИ) өршуі мүмкін.

    Сондықтан сақтық — маңызды шарт саналады. Сонымен қатар, науқас балаларды емдеу және оларға күтім жасау өте жауапты үдеріс. Мұндай жағдайда ата-аналар не істеу керек?

    Республикалық мамандандырылған педиатриялық ғылыми-практикалық медицина орталығының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Динара Дусмухаммедова осыған байланысты өз ұсыныстарымен бөлісті.

    —Дене қызбасы, мұрын бітелу және мұрыннан су ағу, түшкіру ЖРВИ-ның алғашқы белгілері, - дейді дәрігер. – Әдетте бұл жағдай екі күнге созылады. Үшінші күннен бастап дауыстың қарлығуы, жөтел, бұлшықеттер мен буындарда ауырсыну пайда болуы мүмкін.

    Ауру кезінде тәбет төмендейді, температура көтерілген кезде құсу пайда болуы мүмкін. Мұндайда науқас балаларды үйде бөлек бөлмеге жатқызып, бөлмені жиі желдетіп тұру қажет.

    ЖРВИ-ге шалдыққан балаларға аз-аздан, бірақ жиі-жиі сұйықтық ішу ұсынылады. Қайнатылған су немесе үйде дайындалған жеміс шырындары жөтел мен тамақ ауруын жеңілдетеді және вирустардың ағзадан тезірек шығып кетуін қамтамасыз етеді. Мұрын мен тамақты тұзды сумен шаю да өте пайдалы емдеу әдісі.

    Бірақ кейбір ата-аналар балаларында суық тиюдің алғашқы белгілері байқалса, мысалы, мұрыннан су ағу, аздап жөтел, дене қызуы көтерілсе, дереу «Жедел жәрдемге» жүгінеді.

    Егер балалардың жоғарғы тыныс жолдары қабынған болса, оны үйде емдеуге болады. Дегенмен, бұл жағдайда «уақыт өтіп, кейін жазылады», деп бейжай қарауға да болмайды.

    Баланың дене қызуы 38,5 градустан асса, тамақ ішпесе, қатты қансырау, ентігу белгілері болса, мазасызданып немесе көп ұйықтаса, дереу дәрігерге қаралу керек.

    Шын мәнінде, дене температурасының 38,5 градусқа дейін көтерілуі дененің аурумен күресетінін көрсетеді. Яғни, денеге инфекция түскен кезде температураның көтерілуі қалыпты жағдай.

    Егер бір жасқа дейінгі балаларда дене температурасы 38,0 градустан, бір жастан асқан ұл-қыздарда 38,5 градустан асса, оларға парацетамол немесе ибупрофен беру ұсынылады. Бұл препаратты 3 күн бойы қолдануға болады. Осы уақыт ішінде баланың жалпы жағдайында оң өзгерістер болмаса, дереу отбасылық дәрігермен кеңесу қажет.

    Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates