Бұл кітапта автордың әр жылдары тудырған “Недур хаёлинг”, “Йигит сўзим”, “Бир капгир ош”, “Лафз”, “Қизил кўрпача”, “Ўғри” сияқты оннан астам әңгімелері орын алған. Шығармаларды түрік тіліне бірлестік мүшесі, жазушы, әрі аудармашы Рустам Жаббаров аударған.
Кітап Түркия Республикасы Президентінің Жарлығына орай құрылған Дүниежүзілік сөз академиясының төрағасы, белгілі жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Хайриддин Ивгиннің кіріспе сөзімен жарық көрді.
Хайриддин Ивгин аталмыш кітапқа жазған кіріспе сөзінде: «Осы жарық дүниеде кітап деп аталатын ғажайыптың орнын ешнәрсе баса алмайды, - деп айтады. – Жүрегіңізге нұр, өміріңізге мән беретін ұлы ғажайып. Жүректерге нұр мен өмірге сенім ұялататын сондай ғажайыптардың бірі. Жазушының «Жігіттік сөзім» атты кітабы да жүрекке нұр мен сенім арнайтын ғажайыптардың бірі екеніне еш күмәнім жоқ».
Кітап Түркияның кітап дүкендерінде сатылып, кітапханаларға, оқу орындарына, шығармашылық ұйымдар мен бірлестіктерге таратылады.