Шараны Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев сөз сөйлеп ашып, екі ел басшыларының шынайы қарым-қатынастың арқасында көп қырлы өзбек-қырғыз ынтымақтастығы тұрақты дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.
Өзара тауар айырбастау көлемінің өскені атап өтілді – өткен жылдың соңында бұл көрсеткіш 1 миллиард долларға жетті. Тауар айырбастаудың одан әрі артуын қамтамасыз ету үшін дайын тоқымашылық, азық-түлік, пластмасса, аяқ киім, IT қызметтері, тыңайтқыштар, құрылыс материалдары, тұрмыстық техника мен фармацевтика өнімдері, ірі қара және ұсақ мал, көмір, азық-түлік және тағы басқа да сұранысқа ие тауарларды өзара жеткізуді көбейту іс-шараларын қабылдау маңызды екені айтылды.
Соңғы жылдары инвестициялар және өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастық жандана түсті. Бүгінде Өзбекстанда Қырғызстан капиталының қатысуымен 280-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Біріккен бастамаларды жүзеге асыруда Өзбекстан-Қырғызстан Даму қоры үлкен рөл атқарады, оның портпелінің құны 186 миллион доллар болатын 33 инвестициялық жобаны қамтиды.
Өзбекстанда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қолайлылықтар жарату бойынша қаралған іс-шаралар, сондай-ақ зыңдылықты либерализациялау, салық және кедендiк жеңiлдiктер мен преференциялар енгiзілгені, елдiң барлық аймақтарында 25 еркiн экономикалық аймақ құру жөнiндегi шаралар да айтылды.
Орта және шағын бизнесті дамытудың қозғаушы факторлары болып табылатын аймақаралық ынтымақтастықты тереңдету, шекара аймақтарында тұрмыстық техника, дәрі-дәрмек, мебель, құрылыс материалдары, аяқ киім, былғары бұйымдарын шығаратын біріккен кәсіпорындарды құрудың маңыздылығы атап өтілді. Осыған байланысты өңірлік делегациялардың өзара сапарлары тәжірибесін жолға қою, B2B форматында форумдар, көрмелер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық іс-шаралар өткізу ұсынылды.
Өз кезегінде, Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Су шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі де екі ел арасындағы тауар айырбастау-инвестициялық ынтымақтастықтың тұрақты өсу динамикасын жоғары бағалады, осыған байланысты көлік-логистика, энергетика саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сауда өкілеттіктері қызметін күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Баяндамашы екі елдің бизнесмендері арасындағы өзара ынтымақтастықтың үлкен, оң тәжірибесіне тоқталып, іскер топтарды серіктестік қарым-қатынастарды кеңейтуге және біріккен өзара тиімді бастамаларды батыл жүзеге асыруға шақырды.
Форум аясында B2B және G2B келіссөздері өтті, онда кәсіпкерлер көптеген жаңа, пайдалы байланыстар орнатып, жаңа жобаларды жүзеге асырудың өзіндік жақтарын талқылауға мүмкіндік болды.
Форум қорытындысы бойынша азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын өндіру, логистикалық орталық құру, қалдықтарды қайта өңдеу, геологиялық барлау және көмірмен қамтамасыз ету, IT қызметтері, электротехника және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша 20 келісім, меморандум және сауда келісімшарттарына қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.