Бұл аса маңызды жиынға әлемнің 140-қа жуық елінен 2 мыңнан астам делегат қатысып отыр.
Айта кетейік, 181 ұлттық парламент пен 15 өңірлік ұйымды біріктіретін Парламентаралық Одақтың бұл жолғы Ассамблеясы алғаш рет Орталық Азияда – Өзбекстанда өткізілуде.
Сөзінің басында Өзбекстан Президент соңғы жылдары әлемнің түрлі аймақтарында қарулы қақтығыстар, экологиялық және техногендік апаттар, экономикалық дағдарыстар, «сауда соғыстары», терроризм мен экстремизм қауіптері күшейіп бара жатқанын атап өтті.
– Осындай аса күрделі жағдайда әлемде бейбітшілікті сақтау, әлеуметтік дамуды қамтамасыз ету және әділеттілік орнатуда парламенттердің рөлін арттыру – уақыт талабы, – деді Мемлекет басшысы.
Биылғы Ассамблея Өзбекстанның бастамасымен «Әлеуметтік даму және әділет жолындағы парламенттік қозғалыс» тақырыбында өтіп жатыр.
Зерттеулерге қарағанда, соңғы отыз жылда әлемдік жалпы ішкі өнім көлемі 4,5 есе өскен. Алайда осы аралықта халықтың кедей тобының табысы айтарлықтай өзгермеген. Егер бұл үрдіс жалғаса берсе, 2030 жылға қарай әлемде 575 миллион адам кедейлік жағдайында өмір сүретін болады, ал 84 миллион бала білім алу мүмкіндігінен айырылмақ.
Осы орайда мемлекеттердің өкілдік органдары арасында көпжақты ынтымақтастықты жолға қою және кеңейту – жаһандық дамуға зор үлес қосары атап өтілді.
Президент атап өткендей, «Өзбекстан – 2030» стратегиясында парламент институтын дамыту басым бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Соңғы жылдары заң шығарушы биліктің қоғам мен мемлекет өміріндегі орнын арттыруға бағытталған 20-дан астам заң қабылданды.
Олий Мажлис Заң палатасының өкілеттіктері 5-тен 12-ге, Сенаттың өкілеттіктері 14-тен 18-ге дейін кеңейтілді. Президенттің бірқатар өкілеттіктері де заң шығарушы билікке берілді.
Бүгінгі таңда ұлттық парламентте әйелдердің үлесі 38 пайызға жетті. 2021 жылы Олий Мажлис палаталары жанынан алғаш рет Жастар парламенттері құрылып, өз жұмысын бастады.
Өзбекстан парламент бағытында жаһандық маңызы бар бірқатар халықаралық бастамаларды алға тартып келеді. Соның ішінде, БҰҰ Бас Ассамблеясының «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдетуде парламенттердің рөлін күшейту туралы» резолюциясының қабылданды.
Өзбекстан өкілдері Азия Парламенттері Ассамблеясы, Орталық Азия парламенттері форумы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы, ТМД Парламенттік Ассамблеясы және басқа да халықаралық алаңдарда белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
Мемлекет басшысы парламентаралық ынтымақтастықтың бірқатар басым бағыттарын атады.
Әлемнің түрлі өңірлеріндегі қақтығыстар жаһандық және өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздікке елеулі қатер төндіріп отырғанын атап өтілді. Өзбекстан мұндай теке-тірестерді тек дипломатия және бейбіт келіссөздер арқылы шешуді жақтайтынын айтты.
Бұл ретте халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ Жарғысы мен резолюцияларына сүйене отырып шешім қабылдау аса маңызды.
Осы ретті, Өзбекстан БҰҰ-ны баламасы жоқ жалғыз жаһандық құрылым ретінде мойындайтыны айтылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы климаттың өзгеруі мәселесін үнемі басты назарда ұстау қажеттігін еске салды. Париж келісімі аясындағы міндеттемелерді толық орындау және көміртек бейтараптығына қол жеткізу — ортақ мақсат екені айтылды.
Қыз-келіншектердің құқықтарын нығайту — әлеуметтік дамудың негізгі шарттарының бірі. Бүгінгі таңда әлемде әйел-депутаттардың үлесі 1995 жылғы 11,3 пайыздан былғы жылы 27,2 пайызға жеткен.
Соңғы жылдары Өзбекстанда БҰҰ құрылымдары және Парламентаралық одақпен бірлесіп, Азия қыз-келіншектер форумы мен Дүниежүзілік парламенттердегі әйел көшбасшылар саммиті сәтті ұйымдастырылды.
Өзбекстан бастамасымен алға тартылып жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясына ұсынылған «Азия әйелдерінің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық және мәдени-гуманитарлық белсенділігін арттыру туралы» резолюция жобасына қолдау білдіреді деген үмітін жеткізді.
Жастардың парламент жұмысында ғана емес, қоғам өмірінің барлық салаларында белсенді қатысуы үшін олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қажеттігі өзекті мәселе. Осыған байланысты ұлттық парламенттер мен Парламентаралық одақ жұмысына жастарды кеңінен тарту ұсынылды.
Парламентаралық одақ шеңберінде Жастар Парламенттері жаһандық платформасын құру және оның алғашқы форумын Өзбекстанда өткізу ұсынылды.
Әрбір адамның әлеуметтік қорғауға құқығын қамтамасыз ету, халықаралық стандарттар негізінде сапалы қызмет көрсету де басым бағыттардың бірі ретінде атап өтілді.
Өзбекстан Президенті алқалы жиынға қалысушыларға биыл қыркүйек айында Өзбекстанда өтетін кедейлікті азайтуға арналған халықаралық конференцияға қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қазіргі заман талабына сай, жасанды интеллект саласында жүйелі халықаралық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін айтты. Осы саладағы этикаға қатысты үлгілі заң жобасын дайындау ұсынылып, ол барлық мемлекеттер үшін құқықтық реттеудің озық үлгісі бола алатыны айтылды.
Айтылған ұсыныстар мен бастамалардың Парламентаралық одақтың Стратегиялық мақсаттарымен толық сәйкес келетінн жеткізілді.
Сөзінің соңында Өзбекстан Президенті мерейтойлы Ассамблея жұмысына және оның қатысушыларына табыс пен жемісті нәтижелер тіледі.