Өзбекстан мен Моңғолия бизнес байланыстарды нығайтуға бел байлады

    Үстіміздегі жылдың 24 июнінде Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурелсухтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Ташкент қаласында өткен Өзбекстан-Моңғолия бизнес-форумына қатысты.

    Шараға екі елдің министрліктері мен кеңселері, сала бірлестіктерінің басшылары және 150-ден астам ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

    Өзінің құттықтау сөзінде Лазиз Қудратов Өзбекстан мен Моңғолия арасындағы терең тарихи достық байланыстар бар екенін, екі ел басшылары тарапынан екіжақты көпқырлы қарым-қатынастарды кеңейтуге ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.

    Елімізде инвестициялық және іскерлік ортаны түбегейлі жақсарту бойынша жүзеге асырылып жатқан жүйелі реформалардың тиімділігі және бұл жолдағы барлық кедергілерді кезең-кезеңмен жоюға, экономиканы ырықтандыруға, қолайлы бизнес-ортаны жасауға, кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктерді жан-жақты кеңейтуге бағытталған іс-шаралардың жүргізіліп жатқандағы ерекше атап өтілді.

    Мәлімет ретінде: 2023 жылы Моңғолияның жалпы ішкі өнімі 18,5 миллиард долларды құрады. Сондай-ақ, 2023 жылы ел экономикасы 7 пайызға жуық жоғары өсуді көрсетті. Сыртқы сауда айналымы 24,4 миллиард долларға жетті. Моңғолия алтын, күміс, темір, көмір, мыс, молибден, вольфрам, қалайы, никель, мырыш, шпат сияқты табиғи ресурстарға бай.

    Форум барысында өзара тиімді сауда-экономикалық серіктестікті одан әрі дамытудың бірқатар болашақ бағыттары белгілеп алынды. Әңгіме тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдарын өндіру, медицина, фармацевтика, азық-түлік, банк секторын дамыту және басқа да салалар туралы болып отыр.

    Сирек кездесетін металдар мен базальттың жаңа кеніштерін бірлесіп игерумен бірге мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кластерлерін құру, сондай-ақ дайын өнімді экспортқа жеткізіп беру сияқты жобалардың болашағы атап өтілді.

    Біріккен жобаларды нәтижелі жүзеге асыру мен Моңғолия компанияларының Өзбекстандағы қолайлы қызметін жан-жақты қолдап-қуаттау, барлық қажетті жағдайларды жасауға дайын екенін білдірді.

    Өз кезегінде, Моңғолия Ұлттық Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Даштсерен Энхтувшин екі ел арасындағы сауда-саттық, инвестициялық және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мүмкіндіктерін жоғары бағалап, кәсіпкерліктің өзара ынтымақтастығын белсенді түрде арттыруға және бұл жөніндегі ең күрделі біріккен бастамалар бойынша да батыл әрекет жасауға шақырды.

    Бизнес-форум бағдарламасына сәйкес денсаулық сақтау, құрылыс материалдарын өндіру, автомобиль жөндеу, ауыл шаруашылығы сияқты салаларда бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылды.

    B2B және G2B форматтарында өткен келіссөздер барысында екі елдің іскер топтарының өкілдері жаңа байланыстар орнатуға, жаңа біріккен бастамалардың практикалық жақтары мен жоспарларын талқылауға мүмкіндік болды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates