Ақпарат үшін айта кетейік, Өзбекстанның осы беделді халықаралық қаржы институтымен ынтымақтастығы стратегиялық серіктестік негізінде дамып келеді. Елімізде банктің қолдауымен энергетика, ирригациялық және коммуналдық тармақтарды жаңғырту, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағыттарында бірқатар жобалар жүзеге асырылды.
Диалог кезінде ынтымақтастықтың іс жүзіндік жақтарына назар аударылып, оның келешегі туралы пікір алмасылды. Атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру бағдарламасын іске асыру, арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін арттыру, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде парламенттің, үкіметтің және азаматтық қоғамның рөлін күшейту, сондай-ақ гендерлік теңдік саладағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері назарға алынды.
Сондай-ақ, Өзбекстанда түрлі салалардағы жобаларды жүзеге асыруға шетелдік компанияларды тарту барысында Дүниежүзілік банктің қатысуы талқыланды.
Анна Берде еліміздегі жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелілігін жоғары бағалап, Өзбекстанда экономикалық жаңарулар әлеуметтік реформалармен үйлескен түрде жүргізіліп жатқаны, сонымен қатар әлеуметтік реформалармен, соның ішінде әлеуметтік инклюзивтік және әлеуметтік теңдік жанасулары негізінде мемлекеттің арнайы стратегиялық мақсаттары белгіленгенін атап өтті.
Сондай-ақ Дүниежүзілік банкі бұдан кейін де Өзбекстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының баспасөз қызметі.