Сенатта Өзбекстан Республикасының көрші елдердегі елшілердің есептері тыңдалды

    Ел назарында 28 Fevral 2024 1237

    Сенаттың Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар және туризм мәселелері комитетінің мәжілісінде Өзбекстан Республикасының Қазақстанда, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстандағы елшілердің есептері тыңдалды.

    Шараға сенаторлар, халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің депутаттары, тиісті министрлік пен кеңселердің, мемлекеттік компаниялардың басшылары, жергілікті атқарушы билік органдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Тыңдаулар үстіміздегі жылдың 18 январында болып өткен селектор жиналысында Өзбекстан Республикасы Президенті тарапынан белгілеп берілген тапсырмалардың орындалуына парламенттік бақылау орнату мақсатында ұйымдастырылды. Жоғары дәрежедегі сапарлардың қорытындылары бойынша қабылданған «жол карталарында» көзделген инвестициялық жобалар мен сауда келісімдердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылау басты назарда болды.

    Атап өткендей, Қазақстандағы елшіліктің тікелей қолдауымен жалпы құны 1,6 миллиард долларды құрайтын 29 инвестициялық жоба мен сауда келісімдерін жүзеге асыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Сенаторлар экспорт көлемін арттыру және Қазақстанмен саудада оң сауда балансына қол жеткізу үшін тиімді іс-шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

    Өзбекстанның Қырғызстандағы елшілігінің қызметін талдауда өзара мүдделі сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың жан-жақты нығайтылғаны, екі ел азаматтарының мемлекет шекарасын ұлттық куәліктері негізінде кесіп өту механизмі енгізілгені, екі қосымша өткізу пункті ашылғаны айтылды. Бұл ретте, экспорттық тауарлар номенклатурасын диверсификациялау іс-шараларын әзірлеу ұсынылды.

    Еліміздің Тәжікстандағы елшілігінің белсенді қатысуымен 150 миллион долларға жуық инвестициялық келісімдер жасалып, 100 миллион долларға жуық экспорттық келісімшарттарға қол қойылды. Сондай-ақ Сенаторлар елшілікке біріктірілген Ташкент облысындағы инвестициялық ұсыныстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.

    Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында Түркіменстандағы елшілік тарапынан 80-нен астам өзара сапарлар мен 200-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды.

    Ашық әрі бейтарап пікірталас барысында парламент мүшелері жергілікті әкімдіктер және кәсіпорындар дипломатиялық өкілдіктердің инвестициялық жобалары мен экспорт бойынша ұсыныстарын қараудағы баяулығына қатысты сын айтты. Тармақтар мен аумақтар инвестициялық жобалардың техник-экономикалық негіздемелерін халықаралық стандарттар талабына толық сай түрде даярлау қажеттігі айтылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Өзбекстанның дипломатиялық өкілеттіктерінің басшыларына өз қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жан-жақты ұсыныстар беріліп, нақты міндеттер қойылды.

    Мәжіліс қорытындысы бойынша Олий Мажлис Сенатының комитеті тиісті қаулылар қабылданды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates