Сенаттың Бюджет және экономикалық реформалар мәселелері комитетінің 2023 жылғы жұмысы қорытындыланды

    Қаржы 10 Yanvar 2024 1266

    Олий Мажлис Сенатының Бюджет және экономикалық реформалар мәселелері комитетінің 2023 жылғы атқарған жұмыстары талқыланды.

    Мемлекетті әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды заң және мәселелер тікелей Комитет басшылығында талқыланды. Атап айтқанда, Сенаттың жалпы мәжілісіне – 23, Кеңеске – 15, Комитет жиналысына – 6 мәселе шығарылды.

    Заң шығару қызметін жүзеге асыру шеңберінде Комитет қызметіне қатысты 18 заң, атап айтқанда «Бәсекелестік туралы», «Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру туралы», « 2024 жыл үшін Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті туралы» маңызды заңдарды мамандар мен ғалымдар, сарапшылар пікірін ескеріп, Сенаттың жалпы мәжілістеріне енгізілді.

    Сондай-ақ, өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту, кәсіпкерлікті қолдап-қуаттау, халықтың әл-ауқатын арттыру сынды бірқатар мәселелер бойынша заңнаманың орындалуына қатысты 24 зерттеу жүргізіліп, оның нәтижелері Сенаттың жалпы мәжілістері мен Комитеттің жиналыстарында қаралады, анықталған кемшіліктерді жою бойынша жауапты ұйымдарға тиісті және нақты ұсыныстар айтылды.

    Орталық банк басқару төрағасының Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің 2022 жылғы қызметі туралы есебі талқыланды.

    Сұрхандария, Хорезм, Бұхара, Қашқадария облыстары аумақтарында әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларының атқарылуы Комитет тарапынан зерделеніп, нәтижелері Сенаттың жалпы мәжілісінде қаралды. Атқарылған оңды істер атап өтіліп, аумақтық бағдарламалардың орындалуын тиімді аяқтау барысында тиісті ұсыныстар берілді.

    Халық депутаттары Жызақ және Сырдария облыстары Кеңестерімен бірге 2022 жылы Жызақ және Сырдария облыстарында «Бастамалық бюджет» үдерістерінде жеңімпаз деп танылған жобалардың дер кезінде іске асырылуын зерделеу нәтижелері талқыланды.

    Комитеттің бастамасымен Әндіжан, Наманған, Ферғана облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған «Жол картасы» әзірленіп, онда қойылған міндеттердің орындалу барысы үнемі зерделенді.

    Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға парламенттік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында Комитет тарапынан да бірқатар зерттеулер жүргізілді.

    Комитет мүшелері парламенттік бақылаудың сенатордың сауалы формасынан тиімді пайдаланып, тиісті мемлекеттік билік органдары, жергілікті атқарушы органдар, тағы басқа да мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге 40 сенатордың сауалы жолданып, жер-желерде азаматтар көтерілген проблемаларды шешу бойынша шаралар қабылданды.

    Халықпен тікелей сұхбат Комитет мүшелері қызметінің басты бағыттарының біріне айналды. Тұрғындардың өтініштерін тыңдап, мәселелерін шешу мақсатында сайлаушылармен 757 кездесу ұйымдастырылды. Комитетке келіп түскен 2 266 өтініштің 1 826-сы немесе 80 пайызы оң шешімін тауып, қалған мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

    Шарада Комитет мүшелерінің қызметі қорытындыларына қатысты ескертулері мен пікірлері тыңдалып, 2024 жылға арналған Комитеттің алдында тұрған негізгі міндеттер белгіленді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates