Бұрын бұл жерде ауданның орталығы болмаған. Келес жолы бойында жаңа ғимараттар мен кешендер салынғаннан кейін аймақтың келбеті түбегейлі өзгерді. Атап айтқанда, осы басты көше кеңейтіліп, қайта құрылды. Оның екі жағында Мемлекеттік қызмет көрсету орталығы, Жастар орталығы, мәдениет сарайы, амфитеатр, әмбебап спорт кешені, еске алу алаңы және серуен алаңы секілді көрікті нысандар бой көтерді.
Ескі, аласа үйлердің орнына 41 көпқабатты тұрғын үй салынды. мұндағы 2 536 пәтерде 11 мыңнан астам адам тұрады. Бұл үйлердің жертөлелері мен бірінші қабаттарында сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық және қаржылық қызмет көрсетуге арналған 270 дүкен мен орындар ашылуда. Атаулы нысандарда 1 350 адам, соның ішінде жергілікті жастар мен әйелдер жұмыс істейтін болады.
Мемлекет басшысы осы құрылыс жұмыстарымен танысты.
Реновация жобасы аясында әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен көңіл бөлінуде. Орталық аурухана, ауданаралық перинатал орталық, балабақша, «Инсон» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және ауданның тарихы мұражайы іске қосылды. Өзгерістер тек аудан орталығында ғана емес. Жақында бұл аймақта ауыз су мәселесі күрделі болған еді. Азия даму банкінің қаражаты есебінен 4 су сақтайтын орын салынып, 365 шақырым құбыр тартылды. Нәтижесінде 36 ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Соңғы үш жылда ауданда 218 шақырым ішкі жолдар жөнделіп, асфальт төселді. Мұндай жұмыстар әлі де жалғасуда.
Осы жерде Ташкент ауданында кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту және кедейліктен шығару мәселелері бойынша жауапты тұлғалардың есебі тыңдалды. Биылғы жылдың 6 айында аудан экономикасы 23 пайызға өсті. Жаңа құрылыс нысандары мен ондағы кәсіпорындар негізінде салық көздері көбейген. Ташкент ауданында 70 махалла, 62 мың отбасы бар. Жағдайы ауыр 372 отбасына көмек көрсету үшін жауапты адамдар мен шаралар белгіленген.
Жоспардағы жобалар, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағдарламалары аясында жыл соңына дейін 34 443 жұмыс орны ашылуы көзделген.
Президент тұрғын-үйлердегі мүмкіндіктерді іске асыру, кәсіпкерлердің күнкөрісі төмен отбасы мүшелерін жұмысқа алуын ынталандыру жөнінде тапсырмалар берді.
- Ташкент ауданы елордамыздық жанында. Бұл жерде тұрғын үй, өндіріс, сауда және қызмет көрсету саласында үлкен мүмкіндіктер бар. Жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, бұл ауданда кедейлік болуы мүмкін емес. Сондықтан экономикалық кешенге, махаллаларға беріліп жатқан мүмкіндіктерді пайдаланып, кедейліктен табысты деңгейге қарай жүруіміз керек, - деді Шавкат Мирзиёев.
Ташкент ауданында жыл соңына дейін шамамен 53 миллион доллар инвестиция игеру есебінен өнеркәсіптің өсу қарқыны 9 пайызға, қызмет көрсету саласы 13 пайызға жетеді деп күтілуде. Экспорт көлемін 100 миллион долларға дейін ұлғайту жоспарланған.