баннер
9 Apr 2025
16:23

    Тұрғын үйлер мен өнеркәсіпорындарды қандай жерге салуға болмайды?

    Соңғы мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі 4,2 миллион гектар суармалы жердің 1,8 миллион гектарға жуығы түрлі дәрежеде сорланған.

    Соңғы жылдары бүкіл әлемде азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізуге, халықты қауіпсіз және сапалы өніммен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Мұның себебі түсінікті: тұтыну көбеюде, жер-су ресурстары болса шектеулі. Жаңа Өзбександа тұрғындарды сапалы азы-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін елде ауыл шаруашылығы мүмкіндіктерін инновациялық дамытуды мақсат еткен.

    Осы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу топырақтың жағдайына тікелей байланысты. Былайша айтқанда, құнарлы топырақты сақтау үшін саясат пен ынталандыру қажет.

    Осы тұрғыдан алғанда, осыдан бір жыл бұрын қабылданған «Топырақты қорғау және оның өнімділігін арттыру туралы» заңда табиғи экологиялық жүйелерді қорғау, топырақты тиімді және ұқыпты пайдалану, оның сапасын сақтау, келеңсіз әсерлерден қорғау сынды өзекті мәселелер белгіленген. Ең бастысы, заң бойынша топыраққа ресми құқықтық мәртебе берілді. Өйткені осы заңның бүкіл мән-мазмұны Өзбекстан аумағында тұрақты топырақ сапасына қол жеткізуге және сақтауға бағытталған.

    Министрлер Кабинетінің үстіміздегі жылы 22 январьдағы “Топырақ мониторингін жүзеге асырудажәне топырақтың құнарлығын анықтау тәртібін жетілдіру іс-шаралары туралы” қаулысында да осы заңның қисынды жалғасы ретінде бірқатар қажетті және бірінші кезектегі міндеттер атап өтілді. Мысалы, оған сәйкес, Топырақтың құнарлы қабатын анықтау тәртібі туралы ереже бекітілді.

    Топырақ мониторингін жүзеге асыру туралы пікірталас жүргізсек? Ең алдымен топырақ мониторингтің өзі не және не үшін қажет деген сұрақтарға анықтық кірітіп алуымыз қажет.

    Шын мәнінде, мониторинг күтпеген салдарды анықтау үшін ерте ескерту жүйені білдіреді. Топырақ мониторингі дегеніміз топырақты қалпына келтірудегі іс-әрекеттер тиімділігін бағалауға көмектеседі. Бұл шара жағымсыз тенденцияларды ерте анықтау және зақымдануды болдырмау үшін пайдалы. Жалпы алғанда, жерді пайдалану үшін негізгі қаулылар қабылдауда мониторингтің ерекшелігі маңызды.

    Біздің ғалымдар 2000 жылдан бері топырақ мониторингі бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. Бұл жерде суармалы, жайылымдық және тәлімі жерлерде табиғи жағдайда немесе адам қызметі әсерінен болатын өзгерістердің әрекеті, жылдамдығы мен бағыты жүйелі түрде байқалады.

    Қазіргі уақытта республикамыз бойынша жалпы 210 (оның ішінде 105 суармалы, 65 тәлімі және 40 жайылым) жерде топыраққа үздіксіз мониторинг жүргізіледі. Талдауларға орай, жаңадан игерілетін жерлер есебінен мұндай негізгі жерлерді одан әрі көбейту қажет. Мысалы, тек Арал теңізінің құрғақ түбінде 4 миллион гектардан астам жер бар, түрлі климаттық және геоморфологиялық аудандарда орналасқан. Бұл жерде де топырақ мониторингінің орны мен ерекшелігі үлкен.

    Қаулы негізінде, енді топырақтанушы ғалымдар меншік формасынан және жер қоры санатынан тыс, қала құрылысы қызметі, геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығына қатысты болмаған басқа қызметті жүзеге асыру үшін топырақтың құнарлы қабаты бойынша зерттеу істері жүргізіледі. Мұның мақсаты – ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жердің құнарлы қабатының жоғалып кетуіне жол бермеу. Яғни, мұндай топырақты жерлерде үй-жай құрылысы немесе қалашық салуға, өнеркәсіптік кәсіпорындар құруға болмайды.

    Өткен жылдан бастап тәжірибе ретінде еліміздің 13 ауданында топырақ құнарлығын арттыру үшін мақсатты субсидия бөлу жүйесі енгізілді. Осыны негізге ала отырып, аталған алқаптарындағы гумификация және дегумификация үдерісі талданды. Мұнда гумус мөлшері аз топырақтар анықталып, осыған орай карталар жасалды. Топырақта болатын гумификация және дегумификация үдерісінің талдауы бойынша қолданба жасалды.

    «Агросубсидия» платформасы арқылы 2521 жер пайдаланушының өтініші қаралып, оның 2417-сі оң қанағаттандырылды. Республика бойынша 80 мың гектар жерге субсидия бөлініп, қаржыландырылды.

    Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер ресурстарына табиғи және антропогендік әсерлер күшейіп келеді. Соның салдарынан дақылдардың дамуы баяулайды, құнарлылық пен өнімділік төмендейді. Су тапшылығы артып келеді. Мұндай жағдайда жерді сақтау, топырақ құнарлығын арттыру заман талабына айналып отыр.

    Бүгінгі таңда елімізде топырақтың сорлануы өзекті мәселеге айналуда. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі 4,2 миллион гектар суармалы жердің 1,8 миллион гектары түрлі дәрежеде сорланған. Бұл өзекті мәселе ауыл шаруашылығында өнімділікті төмендетіп, жердің деградациясына әкеледі. Еліміздегі суару және су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру, топырақты өңдеудің жаңа әдістері, технологиялық инновациялар, сондай-ақ қолдап-қуаттайтын іс-шаралар қарастырылып жатқаны міне осындай жағдайлардың алдын алуға қаратылған.

    Жер және топырақ ресурстары — барлық салалардың тірегі, өндірістің негізгі құралы болып табылады. Экономикамыз, ауыл шаруашылығы саласының дамуы осыған байланысты. Сондықтан құнарлы топырақтың тұрақтылығы мен жағдайын сақтау қажет.


    Шухрат БОБОМУРОДОВ,

    Топырақтану және агрохимия

    ғылыми-зерттеу институтының директоры,

    биология ғылымдарының докторы.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech