Оған Олий Мажлис Сенатының Әйелдер және гендерлік теңдік мәселелері комитетінің төрайымы Малика Қодирханова мен осы Комитеттің тұрақты істейтін сенатор Гулнора Маъруфова қатысып, конституциялық реформалардың мән-мазмұны мен референду туралы кеңінен түсінік берді.
Атап айтқанда, жаңа редакциядағы Конституция жобасында алғаш рет жоғары білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік берілуі мен беймемлекеттік білім беру ұйымдарын қолдап-қуаттау туралы ережелер енгізілген.
Жаңа редакциядағы Конституцияда байқау негізінде мемлекет есебінен тегін жоғары білім алуға кепілдік беріледі. Сенаторлар 2017 жылға дейін жоғары оқу орындарына түсуге берілетін мемлекеттік гранттар санының азайтып келгенін, соңғы алты жылда бұл бағыттағы жағдайдың мүлде өзгергенін, гранттар саны екі есеге өсіп, 40 мыңға жеткенін баса айтты.
Сенаторлар бұл нормалар жас ұрпақтың заманауи мамандықтарды меңгеруіне, жоғары білімге ие болуы, білім беру жүйесінің тұрақты дамуына жағдай жасауға бағытталған маңызды ережелер белгіленгендігін тілге тиек етті.
Жаңартылып жатқан конституцияда мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мен білім беруді дамытуға жағдай жасайтыны, бастауыш кәсіптік білім беру тегін екені де белгіленуде. Талқылауда соңғы алты жылда балаларды балабақшамен қамтуы 27 пайыздан 70 пайызға дейін өскені және Конституцияға енгізілген жаңа нормалар бұл тұрғыда жаңа мәрелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретіні айтылды, деп хабарлайыд олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.
Шара барысында референдумға әрбір азамат бей-жай қарамай, өз болашағына белсене атсалысуы қажеттігі айтылды.