"Lahore Expo Center" орталығында ұйымдастырылған осы шарада үш күн бойы елімізде өндірілген тоқымашылық бұйымдары, былғары-аяқ киім, электротехника, ауыл шаруашылығы, азық-түлік, жиһаз және ағаш өңдеу, химия, фармацевтика өнеркәсібі өнімдері, құрылыс материалдары мен еліміздің туристік әлеуеті көрсетілді.
Өзбекстанның экономикалық әлеуетін ілгерілетуге бағытталған осы маңызды шараға қатысу мақсатында Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі, Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығы және түрлі салаларда жұмыс істейтін 150-ден астам бизнесменнен құралған делегация Лахор қаласына барды.
Көрменің ашылу салтанатына Пәкістанның федералды және жергілікті үкіметтерінің ресми өкілдері, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ пәкістандық іскер топтың 500-ден астам өкілі қатысты.
Үш күн ішінде 80 мыңнан астам келушілер ұлттық өнеркәсіп өнімдерімен және ынтымақтастық мүмкіндіктерімен танысты. Шара аясында өзбекстандық кәсіпкерлердің 500-ден астам «В2В» кездесулері ұйымдастырылды. Олар жаңа сауда келісімдерін жасау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Делегация мүшелері сонымен қатар Пенжоб облысының ірі өнеркәсіп орталықтары – Файзабад, Сиалкот, Гужранвала, Гужрат, Бахавалпур, Мултон және Шейхпура қалаларында болып, аймақтардың мамандандырылған кәсіпорындарымен және олардың өндірістік қуаттарымен танысты. Нақты болашағы зор жобалар бойынша бастапқы келісімдерге қол жеткізіп, қысқа мерзімдерде өзара сапарларды ұйымдастыру және жобаларды жүзеге асыруда келіссөздерді толық жалғастыру тараптардың жұмыс жоспарына енгізілді.
Көрме барысында жалпы құны 500 миллион АҚШ долларын құрайтын 181 келісімшартқа қол қойылды. Соның 263 миллион АҚШ доллары экспорттық сауда келісімшарттары болса, ал 236 миллион АҚШ доллары импорттық келісімшарттарды құрайды.
Пәкістан Сауданы дамыту агенттігінің бас атқарушы директоры Файз Ахмадпен өткізілген кездесуде елдеріміз арасындағы Жеңілдетілген сауда туралы келісімге енгізілген өнімдердің тізімін кеңейту, Өзбекстанның жеміс-көкөніс өнімдерін Пәкістанға экспорттау үшін фитосанитарлық рұқсат алуды жеделдету және екі елдің электронды сауда платформаларында өнімдерді орналастыру бойынша бірлескен жұмысшы топты қалыптастыру туралы келісімге қол жеткізді.
Сондай-ақ, жергілікті компаниялармен ынтымақтастықта Пәкстан аумағында Өзбекстан сауда үйлерін ашу, екі мемлекетте паритет негізінде коммерциялық жәрмеңкелерді ұйымдастыру, тоқымашылық, азық-түлік, фармацевтика, көлік-логистика, құрылыс материалдары, теріні қайта өңдеу және былғары бұйымдары, фарфор бұйымдары, жиһаз өндірісі салаларында екіжақты келіссөздер жүргізіліп, серіктестік жобалары әзірленді.
Шараға қатысушылары мұндай көрмелерді ұйымдастыру іскер топтар мен қалың жұртшылықтың екі елдің өнеркәсіп өнімдері туралы өзара ақпараттандырылуын арттырып, ынтымақтастықтың келешегі туралы нақты жоспарлар қалыптастыратынын атап өтті. Осы бағыттағы ынтымақтастықты жандандыруға, жыл барысында тағы да бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға келісілді.