Бір кездері ауыл әйелін көп нәрсеге қауқары жоқ, заманнан артта қалған, көп нәрсеге ақылсыз, қорғанышсыз ретінде қаралған, ал бүгінде барлық салада белсенділік көрсеткен, заманмен үндес жасаған фермерлер, кәсіпкер немесе қарапайым еңбекқор ауыл әйеліне көпшілік әуеспен қарауда.
Негізінен аграр саласына мамандандырылған облысымызда егін,, мал және құс шаруашылықтары, бау-бақша, көкөніс өнімдерін өсіру кеңінен таралған. Әрине, бұл бағыттардың барлығында дерлік ауыл әйелдерінің орны бар. Олар үй шаруасымен қатар егістікте немесе өз шаруашылығында еңбек етіп, халыққа қажетті азық-түлік өнімдерін өсіруге атсалысады.
«Абат ауыл» және « Абат махалла » бағдарламалары негізінде ауылдарды электр жарығымен және ауызсумен қамту, жергілікті инфрақұрылымды одан әрі жақсарту, жолдарды жөндеу нәтижесінде ауыл әйелдерінің тұрмыстық жағдайы жақсаруда. Бір ғана мысал, бұрын ауыл әйелдері суды екі көшеден тасып келсе, бүгінде ауызсу әр шаңыраққа жетті. Рухани кеңістік құру жолындағы «Салиқалы әйелдер» қозғалысы ауылдарда да кең өріс алуда.
- Мен ауылда туып-өстім, – дейді Сырдария ауданындағы «Ахиллик» махалласында жасайтын Раъно Ортиқова. – Бірақ ауыл әйеліне мұндай ілтипат пен құрметті көрген емеспін. Шүкір, мемлекетіміз беріп отырған зор жеңілдіктер мен мүмкіндіктердің арқасында әйелдердің барлық саладағы орны нығайып келеді. Ғылым, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер салаларынан бөлек, қоғамдық белсенді әйелдер саны артып, өндірістегі салмағы артып келеді.
Орталықтан шалғай елді мекендерде кәсіпкерліктің кең өріс алып, жаңа кәсіпорындардың ашылуының нәтижесінде мыңдаған ауыл әйелдері жұмыспен қамтылды. Ең бастысы, ауыл әйелдері арасында кәсіпкерлікке қызығушылық танытқандар көбейді. Қазіргі таңда облысымыздың ауылдық жерлерінде 4314 әйел кәсіпкерлікпен айналысса, 399 әйел қолөнермен айналысады.
Дилфуза Жарбекова,
Сырдария облысы
Отбасы және әйелдер басқармасының
баспасөз хатшысы.