Қош, мұндай жағдайда ата-аналар не істеу керек? COVID-19-ды жұқтырған балаларды үйде емдеуге бола ма?
Осы сауалдар бойынша Республикалық мамандандырылған педиатриялық ғылыми-практикалық медицина орталығының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Абдуманнон Абдуқаюмов өз ойымен бөлісті.
—Бүгінде әлемде коронавирус инфекциясына байланысты жағдайға назар аударатын болсақ, бұл вирустың балалар мен жүкті әйелдер арасында жиі кездесетінін байқауға болады, - дейді дәрігер. – Әрине, бұған бір жағынан жиі-жиі мутацияларға кездесуі де себеп болуда.
Десек те, қуанарлық жайт, елімізде бұл дертке шалдыққандардың көпшілігі, әсіресе балалар, оларда ауру жеңіл өтуде. Ол негізінен дене температурасының жоғарылауы, тамақ ауруы, мұрынның ағуы, жөтел, бас ауруы, диарея сияқты белгілермен көрінуде.
Сондықтан, егер ауру кішкентай балаларда жеңіл түрде болса, дәрігер оларды үйде емдеуге рұқсат етуі мүмкін.
Егер балада фибрилді ұстамасы болмаса, ауру кезінде дене қызуы 38-38,5 С°-тан төмен болғанда қызбаны түсірудің қажеті жоқ. Осыдан жоғары болса, сіз «Парацетамол» немесе «Ибупрофен» (балаларға арналған ерітінді) беруге болады.
Ұмытпау керек, дене қызуының 37 градус дәрежеде болуы дене қызуының көтерілгенін білдірмейтінін ұмытпаған жөн. Қайта-қайта ыстықты түсіретін дәрілерді ішу ондағы терморегуляция орталығына теріс әсер етеді.
Әсіресе, антивиотиктер вирусты инфекцияларда жалпы тиімсіз. Сонымен қатар, кейбір дәрігерлер коронавируспен ауыратын жас пациенттерге қажеттілік болмаса да, гормондық емдеуді тағайындайды. Бұл да дұрыс емес емдеу тактикасы саналады.
Үйде жағдайында COVID-19-ға жұқтырған балаларға;
- 3 күнге дейін әр сағат сайын аздап сұйықтық ішкізіңіз;
- 3-4 күн барысында, әр сағат сайын тамақ пен мұрынды жылы сумен шаяды;
- дәруменге бай тағамдар мен өнімдер беріледі;
- оның уақытында және қалыпты ұйықтауы үшін шаралар жасалады;
- әртүрлі дәрумендер тұтынылады.
Осыны естен шығармау керек, кіші жастағы науқастарда коронавирус тек жеңіл түрі ғана үйде емдейтінін ұмытпаған жөн. Егер ауру орташа немесе ауыр болса, дереу ауруханаға жатқызу қажет.
Атап айтқанда, балаларда ауру кезінде:
- тыныс аламау;
- қансырау;
- еріннің шеттері көгергені;
- әлсіздік;
- терең жөтел белгілері пайда болған жағдайда дереу тұрғылықты мекенжайы бойынша отбасылық емхана дәрігеріне хабарласып, емдеуді стационарлық жағдайда жалғастыру қажет.
Сондай-ақ, егер дене қызуы 5 күннен артық сақталса және басылмаса, пневмония анықталса (ауырлық дәрежесіне қарамастан) баланы ауруханаға жатқызу қажет.
Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.