баннер
2 Fev 2025
10:31

    Травматология және ортопедия орталығында робот хирургиясы енгізілмек

    Республикалық мамандандырылған травматология және ортопедия ғылыми-практикалық медициналық орталығында 2025 жылы осы бағытта бірқатар жаңалықтар енгізіледі деп күтілуде.

    – Мекемемізде «робот хирургиясын» жолға қою арқылы осы тәжірибені тізе буын ауруларын емдеуде қолдануды жоспарлағанбыз, – дейді орталық директоры Мурад Ирисметов. – Мұның артықшылықтары өте көп. Мысалы, операция өтте жоғары анықтықта орындалады. Үдерісте қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Дәрігерлерге – адам ағзасының ең қиын бөлігін және аурудың ең ауыр дәрежелерін де істеуге мүмкіндік болады.

    Нәтижесінде арнайы бағдарламаның көмегімен күрделі оталар кезінде орын алуы мүмкін болған хирургиялық қателіктердің алдын алады.

    Озық диагностика мен емдеудің әдістерін кезең-кезеңімен аудандарға да енгізе бастадық. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың ішінде аудандық (қалалық) ауруханаларда 2 жаңа диагностикалық және 8 емдеу әдісі тәжірибеге енгізіледі.

    Мысалы, еліміздің 48 ауданы мен 10 қаласында сан сүйегінің дистальды ұшы сынған кездегі ретроградтық БИОС жасау, жамбас сан және тізе буындарын тотальды эндопротездеу, сан сүегі проксимльды ұшының сынықтарын жаңа модельдегі БИОС NTERTANмен остеосинтездеу, бутсимон байламдары зақымдануының артроскопиялық аутопластикасы, PRP терапиясы, АО пластиналарымен остеосинтездеудің әдістері игеріледі.

    Нәтижеде науқас артықша уақыт пен қаржы жұмсап, шетелге немесе астанамызға және облыс орталықтарына шалғай аудандардан қатынауы 10 пайызға қысқарады.

    Сондай-ақ, тікелей орталықтың білікті мамандары аумақтарда 6 мыңға жуық медициналық тексеру және 300-ден астам жоғары технологиялық операция жасайды.

    Бұхара, Самарқант, Ферғана, Ташкент және Науаи облыстарында жылжымылы циклдері ұйымдастырылып, жергілікті мамандарды оқыту арқылы нәрестелерде жамбас-сан буқнқ дисплазиясқн УДТ көмегімен диагностикалық тексеру әдістері жолға қойылады.

    Өз кезегінде Қытай, Ресей, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия, Беларусь, Үндістан сынды бірнеше дамыған елдердің білікті мамандары елімізге келіп, олардың қатысуымен жер-жерде шеберлік сабақтарын өткізіп, медициналық тексерулер жүргізіп, бірлескен ота жасаймыз.

    Сондай-ақ, медициналық туризмді дамыту – 2025 жылғы басты мақсаттарымыздың бірі. Осы арқылы орталыққа тартылатын шетелдік емделушілер саны, медициналық қызметтің көлемі мен сапасы артатыны сөзсіз.

    No date selected
    February 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech