Осы орайда одағының Халықаралық байланыс пен көркем аударма бөлімінің меңгерушісі Рустам Мусурманов сондай-ақ «Ёшлик» журналының бас редакторы Нурилла Чориевтың қатысуымен 25 жас қазақ ақынының жалпы саны 100-ге жуық өлеңі өзбек тіліне аударылып, басылып шықты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына сапары аясындағы кездесулер аясында Өзбекстан Жазушылар Одағына қазақстандық жас өнерпаздар делегациясы келді.
25 декабрь күні қазақстандық жас шығармашыларды Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында лайықты қарсы алды.
26 декабрь күні қонақтар «Жаңа Өзбекстан» саябағы және Жазушылар аллеясымен, Өзбекстан Жазушылар одағының тарих мұражайымен танысты.
Түстен кейін Жазушылар одағында делегация өкілдері, одақ мүшелері және бір топ жас өнерпаздардың қатысуымен «Адабиет» баспасынан жарық көрген «Жүз өлең» жинағының тұсаукесері өтті.
Тұсаукесерде Өзбекстанның халық ақыны Сирожиддин Сайиид, Қазақстандағы «Әдебиет әлемі» орталығының «Жас қалам» ұйымының басшысы Мұратхан Шоқан, Өзбекстанда еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қалдибек Сейданов, Жазушылар одағының мүшесі Фахриддн Хайит, Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов, Өзбекстан Жазушылар одағы Аударма кеңесінің төрағасы Зухриддин Исомиддинов сөз сөйледі.
Шарада өзбек-қазақ әдеби байланыстың ерекшелігі, екі елдің жас шығармашылары және «Жүз өлең» жинағының маңыздылығы жайлы айтылды.
Екі бауырлас елдің өкілдері Сирожиддин Саййид басшылығында бір-біріне естелік сыйлықтар табыс етті. Мәдени ынтымақтастық байланыстарды одан әрі кеңейту атап өтіліп, жаңа жоспарлар келісілді.
Онда жас ақындардың өлеңдері тыңдалды. Мүшәйра көңілдерді қуантты. Жаңа жинақ әдебиет сүйер қауымға ұсынылды.
Кездесулер 27 декабрь күні аяқталады.