Өзбекстанда 30 жасқа дейінгі 19 миллионнан астам жастар немесе олар халықтың 55 пайызын құрайды. Жыл сайын еңбек нарығына 600 мың жас келсе, алдағы 10 жылда бұл сан 1 миллионға жетеді.
Сондықтан жастардың сапалы білім алуына, кәсіпке оқыту, жұмысқа орналасуына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл жұмыстарды махаллада ұйымдастыру үшін вертикалды басқару жүйесі құрылды. 9500 махаллаға іскер, бастамашыл жастар көшбасшылары тағайындалды. Бұл жүйе арқылы жастарға 100-ден астам мүмкіндік жасалып, оларды қолдау қолға алынды.
Мәселен, өткен жылдың өзінде жастар кәсіпкерлігіне 4 триллион сум несие беріліп, 150 мың жоба іске қосылып, 325 мың жұмыс орны ашылды. 43 мың гектар егістік жер бөлініп, 435 мың жас жұмыспен қамтылған. Субсидия арқылы 32 мыңнан астам жасқа құрал-жабдық, құрал-сайман және компьютерлер берілді.
Әлеуметтік қолдау бойынша да көп жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, өткен жылы 130 мың студентке 1 триллион 700 миллиард сум білім несиесі беріліп, қыз-келіншектердің магистратурада оқуы тегін болды. Мұқтаж 53 мың студентке оқу ақысы төленсе, 15 мыңнан астам жастар әскери борышын өтегені үшін және 13 мыңы шет тілі емтихан қаражаты төленді. 81 мың студентке тұрғын үй жалдау ақысы бөлінді. «Жастар дәптері» арқылы 300 мың жасқа 600 миллиард сумға жуық көмек көрсетілді.
Бірақ бұл тұрғыда әлі де өзекті мәселелер көп. Бүгінде Өзбекстанда 722 мың ресми жұмыссыз жастар бар.
Бұл саладағы жұмысты нақты әрі мақсатты түрде ұйымдастыру мақсатында 14 пен 30 жас аралығындағы 9 миллион ұл мен қызға ерекше көңіл бөлінді. Алғаш рет 25 министрлік пен ведомствоның ақпараты үйлестірілген электронды базаға жинақталды. Барлық жастардың әлеуметтік жағдайы, қабілеті мен қызығушылықтары зерделеніп, «махалладан министрлікке дейін» жүйесі бойынша жұмыс істеу шаралары белгіленді.
Жиында, ең алдымен, жұмыссыз, бейресми секторда жұмыспен қамтылған және шетелге жұмыс істеуге кеткен жастар мәселесіне баса назар аударылды. Мемлекет басшысы бұл тұрғыда көптеген тың бастамаларды алға тартты.
Атап айтқанда, жастардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету үшін алдымен жұмысқа қабылдау жүйесін қайта қарау керектігі баса айтылды.
Мәселен, қазір 103 мыңнан астам ұйымда 254 мың бос жұмыс орны бар. Алайда, өткен жылы жоғары оқу орнын бітірген 6 мыңнан астам колледж бен техникумды бітірген 30 мыңнан астам қыз-жігіт жұмыс таба алмаған.
Сондықтан енді министрлік өз желісіндегі кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптарын анықтайды. Сондай-ақ министрліктер жоғары және орта арнаулы білім беруге тапсырыс беріп қана қоймай, оқу бағдарламаларын бірлесіп әзірлейді.
2021 жылы 25 жасқа дейінгі жастарды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорындарға әлеуметтік салықты қайтару тәжірибесі енгізілгені белгілі. Өткен кезеңде оны 9 мыңнан астам кәсіпорын пайдаланып, 100 мың жас жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысы бұл оң тәжірибенің мерзімін тағы екі жылға ұзарту туралы тапсырма берді.
«Жаңа Өзбекстан жастары бастамалары» қоры мен электронды платформа құру туралы шешім қабылданды. Қорға 100 миллион доллар бөлінеді және бұл қаражат қажет болған жағдайда пайызсыз, қолайлы және жеңіл шарттармен дарынды жастардың үздік идея, стартап және жобаларына бөлінеді.
ІТ-парктердің тәжірибесі негізінде өңірлерде де «Креативтік парктер» құрылады. Оларға IT-парк резиденттеріне берілген жеңілдіктер қолданылады.
«Жастар дәптері» қорының қаражатын көбірек кәсіптік оқытуға және жұмысқа орналастыруға жұмсау керектігі айтылды. Сондықтан осы қор арқылы ұқсас қызметтерді пайдалану мүмкіндігін жасау туралы шешім қабылданды.
Мемлекеттік қолдауға мұқтаж жастар әрбір министр мен оның орынбасарлары, облыс, аудан, қала әкімдері, сектор меңгерушілері, ректорлар, Ұлттық гвардия мен әскери бөлім командирлеріне аты-жөнімен біріктірілді. Олар өз қорғауындағы ұл-қыздарды кәсіптік білім алуына, несие, субсидия және кепілдік алу арқылы жұмысқа орналасуына қолдау көрсетеді.
Жиында жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мәселелері де сөз болды.
Жуырда 100 мыңнан астам жастың арасында жүргізілген сауалнамада олар өз маңайында спорт пен ойын-сауық үшін жағдайдың жетіспейтінін айтқан.
Осыған орай, бірінші кезеңде облыс орталықтарында, кейін аудандарда күндіз-түні жұмыс істейтін жастар саябақтарын ұйымдастыру міндеті алға қойылды. Оларда спорт, киберспорт және интеллектуалдық ойындар, кітап оқу, караокемен айналысуына жағдай жасау көзделген. Сондай-ақ, әр ауданда жастардың шабыт көшелері, оқу орындарында спорт лигалары, коворкинг және театр студиялары ұйымдастырылады.
Бүгінде 1,5 миллион жас бос уақытын шет тілін үйренуге арнауда. Олардың бұл ұмтылыстары ынталандырылып, жеке орталықтарда тіл үйрену қаражатына субсидия бөлінеді.
Мектептердегі үйірмелерді жабдықтау және жаттықтырушыларға қолдау көрсету, «Келешек ұрпақ» балалар орталықтарының жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді. Жастар арасында «Кәсіптік олимпиада» ұйымдастырылатыны айтылды.
Қазіргі жаһандану дәуірінде жастардың білімі мен санасына төнетін қауіп барған сайын артып келеді. Ағартушы ұлы ғұлама Абдулла Авлони «Әрбір халықтың бақыты жастардың жақсы тәрбиесіне байланысты» деген.
Алайда, рухани насихаттың ауқымы мен әсерінің төмендігі, жастардың қызығушылықтары ескерілмей жатқаны көрсетілді.
Сондықтан, «Рухани-ағарту» орталығының қызметін жетілдіру, жастарды идеологиялық қауіп-қатерлерден қорғау және оларға парасаттылық беретін дереккөздерді көбейту жөнінде тапсырмалар берілді.
Жалпы, осы саладағы мемлекеттік саясатты тиімді ұйымдастыруға бағытталған «Жаңа Өзбекстан жастары» бағдарламасын әзірлеу, заңнаманы өзгертуге міндеттері айқындалды.
Мемлекет басшысы жастармен жұмыс жасау – барша басшылардың, қалың жұртшылықтың, бүкіл қоғамның ең басты міндеті екенін атап өтті.
Жиналыста қаралған мәселелер жөнінде министрлер мен әкімдер ақпараты тыңдалды.