Сонымен, бұл ауру қалай пайда болады? Оның ерекшеліктері қандай? Қандай қауіпті асқынулары бар?
Санитариялық-эпидемиологиялық комитеттің бөлім меңгерушісі Дилором Турсунова осы жайлы өз пікір, ұсыныстарымен бөлісті.
— Жаз күндері ашық жерде қалған тағамдар мен тәттілердің сапасы өте тез бұзылады», - дейді маман. — Әсіресе сүт және сүт өнімдері тез ашиды.
Сонымен қатар, аурудың туындауына негізінен гигиеналық ережелерді сақтамау. Мысалы, балалар кейде көшеден үйге келген соң және тамақ ішер алдында қолдарын сабынмен жууды ұмытып кетеді.
Жемістер мен көкөністерді жемей тұрып жақсылап жуу балалардың ойына келе бермейді. Нәтижесінде ауыз арқылы ағзаға түскен бактериялар мен вирустар диарея, дизентерия, сальмонеллез сияқты өткір жұқпалы ішек ауруларын тудырады.
Яғни, ағзадағы бактериялар мен вирустар ішектің шырышты қабығын қабындырып, олардан бөлінген токсиндер қанға сіңіп, бүкіл ағзаны уландырады. Нәтижесінде диареяның алғашқы белгілері 2 сағаттан 2 күнге дейінгі инкубациялық кезеңде пайда болады.
Науқастарда әлсіздік, жүрек айну, құсу, диарея, дене температурасының жоғарылауы, іштің ауыруы, мазасыздану сияқты белгілер болады.
Соғлиқни сақлаш вазирлиги матбуот хизмати.
Өткір диарея науқастың жағдайына және ағзаға түсетін микробтың немесе вирустың сипатына байланысты жеңіл, орташа немесе ауыр, кейде типик түрде болуы мүмкін.
Ауруды емдеуде әр минуттың маңызы зор. Яғни, науқастың диагнозы неғұрлым тезірек анықталып, емдеу тезірек басталса, нәтиже соғұрлым тиімді болады.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.