ЭЫҰ Саммиті — сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамытуы үшін платформа

    Бүгінгі таңда Өзбекстан белсенді, прагматикалық және көпжақты сыртқы саясат жүргізуде. Еліміздің сыртқы саясатының маңызды бағыты бұл жақын және алыс шетелдермен, сондай-ақ ТМД, ШЫҰ, ТМҰ, ЭЫҰ және тағы басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық болып табылады. Олардың арасында Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) ерекше орын алады.

    Экономикалық ынтымақтастық ұйымы – аумақтық үкіметарлық ұйым 1985 жылы Тегеранда (Иран) құрылған. Оның мақсаты – Оңтүстік және Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері арасындағы сауда және инвестициялық қатынастарды кеңейту. ЭЫҰ БҰҰ мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымында бақылаушы мәртебесіне ие.

    ЭЫҰ ынтымақтастығының негізгі бағыттары мүше мемлекеттер басшыларының екі жылда бір рет өтетін саммиттерінде белгіленеді. Бүгінде ЭКҰ-ға он мемлекет – Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстан мүше болған. Өзбекстан 1992 жылы ЭЫҰ-ға мүше болған. 2017 жылдан бастап мемлекет басшыларының саммиті екі жылда бір рет жүйелі түрде өткізіліп келеді.

    Биылғы Ташкентте өтетін саммитте тауар айырбастау көлемін арттыру, сауда кедергілерін жоюға және тауарлар мен қызметтерді жеңілдетуге, сондай-ақ көлік-коммуникациялық байланыстарды дамытуға, өңірдің транзиттік әлеуетін кеңейтуге бағытталған ұсыныстар мен бастамалар талқыланады. Сонымен қатар, биылғы Саммиттің күн тәртібінде өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, энергетика, туризм, климаттың өзгеруі және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы өзара ынтымақтастық,сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері енгізілген.

    Өзбекстан әрбір бағыт бойынша нақты бағдарламалар мен «жол карталарын» қабылдауды ұсынып отыр, оларды жүзеге асырылуы ЭЫҰ кеңістігінде экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

    Ақпарат үшін: 2022 жылы Өзбекстанның ЭЫҰ елдерімен тауар айырбастаудың ең үлкен үлесін Қазақстан (37,5%) және Түркия (26,3%), Қырғызстан (10,2%), Түркіменстан (7,5%), Ауғанстан (6,1%), Тәжікстан (5,5%), Иран (3,5%), Пәкістан (1,9%) және Әзербайжан (1,5%) құрайды. Сонымен қатар 2022 жылы ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жалпы тауар айналымы 1 триллион долларды құрады.

    2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Өзбекстанның ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 9,2 миллиард долларды, Өзбекстанның жалпы тауар айналымында ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үлесі 20,5 пайызды құрады, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Аймақаралық экспорттық сауданы ұлғайту және ынталандыру мақсатында Өзбекстан ЭЫҰ хатшылығымен бірлесіп Ұйым елдерімен Саудаға көмектесу туралы келісімді әзірлеу мен келісім бойынша жұмыс жүргізуде, оның біріккен жұмысшы топтың бірінші жиналысы 22 июньде Анкара қаласында өтті. Келісім кеден әкімшілігін, техникалық жағын реттеу, санитарлық, фитосанитарлық тәртіп-ережелерін сәйкестендіру, оңтайландыру, цифрландыруды және аймақтық электронды коммерциялық платформасын іске қосумен қатар ветеринариялық бақылауды қамтамасыз етеді.

    Ұйымға мүше елдердің аумағында және одан тыс жерлерде көлік дәліздерін дамыту мен диверсификациялауды ескере отырып, ЭЫҰ шеңберінде көлік байланыстарын нығайту да бірдей маңызды.

    Мамандардың пікірінше, ағымдағы саммиттің нәтижелері келісімдерге қол жеткізу және ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін аса маңызға ие болған ірі аймақтық жобаларды жүзеге асыруды айтарлықтай деңгейде жеделдетуге мүмкіндік береді.