Коронавирустың ең жұқпалы мутациясы анықталды

    Іс-шаралар 7 Aprel 2022 2507

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеушілері COVID-19-дың ең жұқпалы нұсқасы анықталғанын хабарлады. Оны «XE» деп атады.

    Бұл мутация бүкіл планетаны «жаулап алған» «омикронның» субварианты екені айтылуда. Сонымен қатар, оның геномында осы штаммның да BA.1, және BA.2 нұсқаларының белгілері бар.

    Ғалымдардың есебі бойынша, «XE» бұрын белгілі болған мутацияларға қарағанда 10 пайызға жылдам таралады деп есептейді. Қазірге дейін ол кем дегенде төрт елде - Ұлыбританияда, Үндістанда, Таиландта және Жаңа Зеландияда тіркелген.

    Зерттеушілердің айтуынша, вирустың мұндай нұсқалары «рекомбинант» деп аталады және олар бір ағзада екі түрлі штаммның генетикалық кодтарының кездейсоқ араласуынан туындайды.

    Қазірше «XE» туралы жеткілікті талдау жиналған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бұл субвариант алғаш рет январь айының орталарында Ұлыбританияда анықталған. Содан бері елімізде оның 600-ге жуық үлгісіне зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

    Дұрыс, жаңа нұсқаның «омикронға» қарағанда 10 пайызға жұқпалы екендігі оның үлкен артықшылық екенін білдірмейді. Бірақ сарапшылар алдағы уақытта бұл көрсеткіш одан әрі ұлғаю мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ.

    «XE» мутациясы науқастарда қандай асқынуларды тудыруы мүмкін? Бұл туралы қорытынды жасауға әлі ерте.

    Зерттеушілердің пікірінше, жаңа субвариант бұрынғы штаммдар сияқты екпе алғандар және жақында ауырғандар үшін үлкен қауіп төндірмеуі мүмкін, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.