Ауырған кезде қандай өнімдерден бас тарту керек?

    Дұрыс тамақтану және көбірек су ішу сіздің иммундық жүйеңізді нығайтады, суық тиюмен күресуге көмектеседі және қалпына келтіреді. Бірақ дұрыс тамақтанбау науқастың жағдайын нашарлатуы немесе иммундық жүйені әлсіретуі мүмкін.

    Дене аурумен күресіп жатқанда, симптомдарды күшейтетін немесе иммундық жүйені төмендететін, қалпына келтіруді кешіктіретін өнімдерден бас тарту керек.

    Құрамында қант мөлшері жоғары болған өнімдер

    Көп мөлшерде шекер жеу иммундық функцияны төмендетеді, ағзада қабынуды тудыруы мүмкін. Жемістерде, көкөністерде, дәнді дақылдарда және бұршақ дақылдарында кездесетін табиғи қанттардан алаңдаудың қажеті жоқ.

    Көптеген қайта өңделген және шекер азық-түліктерде, мәселен, қамыс шекер, қоңыр қант, қоңыр күріш шәрбаты, агава және басқа өңделген қосымша шекерлерді тұтынуды минималдандыруға әрекет жасаңыз.

    Өзіңізді жайсыз сезінгенде, қайта өңделген және шекер мөлшері жоғары болған өнімдерді шектеу немесе одан бас тартқан дұрыс. Оның орнына табиғи және жаңа дайындалған тағамдарды жеген дұрыс.

    Алкогольді сусындар

    Олардың құрамында қоректік заттар жоқ. Сонымен қатар, алкоголь ағзаны сусыздандырады және иммундық жүйені әлсіретіп, инфекциялармен күресу қабілетін төмендетеді.

    Цитрустық жемістер

    Барлық цитрус жемістері иммунитет үшін өте маңызды С витаминіне бай. Адамдардың көпшілігі үшін мұндай жемістер ауру кезінде пайдалы. Дегенмен, кейбіреулер үшін, әсіресе тамақ ауруымен ауыратындар, цитрустың қышқылдығы ауырсынуды күшейтеді.

    Сүт өнімдері

    Сүт, йогурт, ірімшік және балмұздақ сияқты сүт өнімдері құрамында лактоза деп аталатын сүттің қанты бар. Лактозаны тұтынғанда зияны болған кейбір адамдар оның қорытылуында проблемаға тап болады, бұл асқазанмен байланысты мәселе, мұрын ағуы немесе бітуіне себеп болуы мүмкін.

    Майлы тағамдар

    Көбіне тез дайындалатын майлылығы жоғары тағамдардан саі болыңыз. Ауырған кезде бекон, шұжық өнімдері, сүт, қаймақ, сарымай, қуырылған тағамдар мен тәтті кондитерлік өнімдерден бас тарту керек.

    Осы тағамдарда ауру кезінде иммундық жүйеге қажет дәрумендер мен минералдар аз. Сондай-ақ оларды қорыту қиын. Әсіресе асқазан инфекциясымен ауыратындарға мұндай тағамдар қауіп турдыруы мүмкін.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates