Қандай әдеттер обыр ауруын туындатуы мүмкін?

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, обыр әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып, 2020 жылы осыдан 10 миллионға жуық адам көз жұмған, бұл әрбір алтыншы өлімнің бірі деген сөз.

    Сонымен, бұл ауру неден туындайды және олардың алдын алуға болады ма?

    Бұл туралы Республикалық мамандандырылған онкология және радиология орғылыми-іс жүзіндік медицина орталығының бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Олимжон Имомов айтып берді:

    – Аурудың пайда болу себептерінің бірі – қатерлі ісік тудыратын канцерогендер. Біз жейтін тағамдар мен сусындарда, тыныс алатын ауада немесе темекі түтінінде көптеген улы канцерогендер бар. Сол себепті табиғи, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден, яғни темекі, насыбай шегуден бас тарту, қоршаған орта мен ауаны таза ұстау қатерлі ісікке шалдығу ықтималдығын бірнеше 10 есе азайтады.

    Келесі себеп – адам ағзасындағы ісікке дейінгі аурулар мен әртүрлі созылмалы аурулар. Егер біздер кезінде профилактикалық тексерулерден өтіп, ісік алды аурулар мен созылмалы ауруларды тиімді емдеп, жойсақ, кейін қатерлі ісікке шалдығу мүмкіндігінің алдын алатынымыз сөзсіз.

    Сондай-ақ әртүрлі вирустық және бактериялық аурулар ісіктің кейбір түрлерінің дамуына әкелуі мүмкін. Мысалы, гепатит В және С вирустары бауыр обырына, Эпштейн-Барр вирусы лимфомаларға, Хеликобактер пилори бактериясы асқазан обырына, адам папиллома вирусы жатыр мойны обырын тудырады. Сондықтан бұл жұқпалы аурулармен күресу, сонымен қатар оларға қарсы вакцинациялау бұл обыр түрлерінің екі есе азаюына әкеледі.

    Күйзеліс те түрлі онкологиялық аурулардың пайда болу себептерінің бірі, дұрыс өмір салтын ұстану, жақсы демалу, өмір ырғағын реттеу арқылы онкологиялық аурулардың алдын алуға болады.

    Аз қозғалыс пен семіздік те көптеген онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, жүйелі түрде дене шынықтыру, спортпен тұрақты шұғылдану – онкологиялық аурулардың алдын алу шаралары саналады.

    Сонымен қатар, дұрыс тамақтануға көңіл бөлу түрлі асқазан-ішек жолдарының түрлі онкологиялық ауруларының, эндокриндік органдардың ісіктерінің алдын алады. Өте ащы, тұзды, өте тәтті және түрлі химиялық заттармен өңделген тағамдарды тұтынуды шектеу ұсынылады.

    Жалпы алғанда, салауатты тамақтану, атмосфераның тазалығына мән беру, салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден бас тарту, физиологиялық белсенділік, жоғары медициналық мәдениет, жан тыныштығы сияқты қасиеттерге толы өмір сүру онкологиялық аурулармен ауыру ықтималдығын бірнеше 10 есеге азайтады.