Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына қатысты кеңес өткізді

    Президент Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен 12 ақпанда ауыл шаруашылығында пайдаланылмаған жаңа резервтерді жұмылдыру шаралары талқыланған бейне селекторлық кеңес өтті.

    Кейінгі жылдары ауыл шаруашылығы сан жағынан да, тиімділік жағынан да дамып келеді. Кластер жүйесі арқылы жоғары өнімді техника мен терең өңдеу енуде.

    2023 жылы сектордағы өндіріс 4,1 пайызға артып, 426 триллион сумды құрады. Экспорт 2 миллиард долларға жуықтады. 152 мың гектар бау-бақша мен жүзімдік егіліп, 185 мың тонна жеміс-көкөніс, 31 мың тонна ет, 485 мың тонна сүтті қайта өңдеу жолға қойылды.

    Жақын тарихта алғаш рет 3 миллион 700 мың тонна мақта, 8 миллион тонна астық жиналды. Оларды есепке алу және өнімді өткізу жүйесі толығымен цифрландырылды.

    Жиында ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру, шығынды азайту, суды үнемдеу басты назарға алынып, алдағы міндеттер айқындалды.

    Президент жер-су ресурстары шектеулі жағдайда жаңаша жұмыс істеп, өндірісті ұлғайтып, салаға өнеркәсіптік орта енгізу қажеттігін айтты.

    Мәселен, Өзбекстанда бір гектар жерден алынатын орташа өнім дамыған елдерге қарағанда төмен. Бірақ тыңайтқыш, отын, су екі есе көп жұмсалады. Сондықтан сырттан сапалы тұқым әкеліп, диқандарды жаңа агротехнологияға үйретіп, өнімділікті мақтадан 50 центнерге, дәнді дақылды 100 центнерге дейін жеткізуге болатыны айтылды.

    Мемлекет басшысы шаруалардың мүддесіне ерекше көңіл бөлді. Бүгінде жаңа тәртіп негізінде мақта шикізаты биржа арқылы сатылуда. Нью-Йорк биржасында мақта бағасы өсуде. Астық өндірісіндегі нарықтық қатынастардың арқасында шаруалардың табысы екі есеге артты.

    – Шаруалар мен фермерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтырсақ, олар мемлекет қаржысынсыз-ақ жұмыс істей алатын кез келеді. Бұл менің мақсатым, - деді Шавкат Мирзиёев.

    Қызығушылықты одан сайын арттыру үшін биыл мақта өсірудегідей астық өсіруде де тікелей шаруаға жеңілдетілген несие беру жүйесі енгізілмек. Сонымен қатар, егіс алқабынан мемлекеттік ресурсқа сатып алынған бидайды тасымалдау және сақтау шығындары толығымен бюджет есебінен өтеледі.

    Шаруа қожалықтарының тұрақтылығында аз шығынның да маңызы зор. Сондықтан биылғы жылы минералды тыңайтқыштардың құнын 15 пайызға арзандатып, биржаға жеткізу, 70 ауданда тыңайтқыш қоймаларын ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берілді.

    Сондай-ақ минералды тыңайтқыштың сапасы мен саны бөлек бақыланады. Шаруаларға тыңайтқыштарды өз қаражатына сатып алу жеңілдетіледі. Минералды тыңайтқышты үй-жайдағы қоймалардан тасымалдау үшін көлікті логистикалық порталда міндетті тіркеу тәртібі жойылады.

    Су шығынын азайту мақсатында биыл 75 үлкен каналды бетондауға бюджеттен 680 миллиард сум бөлінген. Суды үнемдейтін технологияларға 3 жылдық жеңілдік кезеңімен 5 жылға 14 пайыздық несие беру енгізілген. Жиында өңірлердегі жұмыстар сараланып, осал тұстары айтылды.

    Салада есеп тәртібінде де кемшіліктер бар екені айтылды. Мәселен, кластерлердің шаруалар алдындағы қарызы әлі толық өтелмеген.

    Енді жаңа жүйе бойынша 1 сәуірге дейін бұрынғы қарызын толық төлемеген кластермен жасалған фьючерстік келісімшарт бұзылып, фермерге мақтаны биржада сатуға рұқсат беріледі. Несие электронды платформаға ақпаратты енгізіп, фьючерстік келісім-шартқа қол қойған фермерге ең көп дегенде үш күн ішінде бөлінетіндігі қарастырылды.

    Жиында жеміс-көкөніс өсіру және экспорттау көлемін арттыру шаралары да сөз болды.

    Осы мақсатта бұрын бөлінген 200 мың гектарға қосымша тағы 60 мың гектар жер халыққа беріледі. Сондай-ақ, қожалықта кооперация негізінде өнім өсіруге қолдау көрсетілуде. Осы мақсаттарға 100 миллион сумға дейін кепілсіз, 150 миллион сумға дейін жеңілдетілген кепілмен несиелер беріледі. «Узагролизинг» акционерлік қоғамы фермерлер мен шаруаларға қажетті техниканы 3 жыл жеңілдікпен 10 жыл мерзімге жалға алады. Шетелден әкелінетін мотокультиваторлар мен шағын тракторларға кедендік жеңілдік 3 жылға ұзартылады.

    Соңғы жылдары Өзбекстанда жылыжай алаңы мен оларда өндірілетін өнім көлемі 3 есеге артты. Бүгінде отынсыз жылытылатын жылыжайларды салу танымал болып келеді.

    Президент бұл тәжірибені мақұлдап, оларды көбейтіп, шаруаларға дайын күйде салып беруді қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты. Ол үшін «Отбасылық бизнес» бағдарламасы аясында 100 миллион сумға дейін кепілсіз несие беріледі.

    Ауыл шаруашылығына да инвестиция тартылуда. Биылғы жылы 655 миллион доллар шетелдік инвестицияны игеру жоспарланған. Жобаларда нарыққа сапалы өнімді жеткізуге және азық-түлік инфляциясын төмендетуге баса назар аударылуда. Атап айтқанда, импортты алмастыратын 25 азық-түлік түрі бойынша 342 жоба жүзеге асырылуда.

    Осыны жалғастыра отырып, жаңа жобаларды дамытудың және халықаралық брендтерді тартудың маңыздылығы атап өтілді.

    Дүниежүзілік банктің қаражаты есебінен жаңа жобаларға 10 жыл мерзімге және айналым қаражатына 2 жыл мерзімге ұлттық валютада 18 пайыздық несие бөлінеді. Танымал брендтерге тапсырыс берген компаниялар үшін рекрутингтік компаниялардың құнының 50 пайызы өтеледі. Әрбір бренд 500 миллион сумға дейін субсидия алады.

    Енді суммен экспорттаған кәсіпкерлерге қосылған құн салығы қайтарылатыны белгілі болды.

    Жиында шаруа өожалығы, жібек және балық шаруашылығы салаларын қолдау шаралары да айқындалды.

    Атап айтқанда, мал шаруашылығы кешенін құруға, ірі қара мал сатып алуға, жем-шөп өндіруге 3 жылдық 17 пайыздық жеңілдікпен 10 жылдық несие ұлттық валютамен беріледі. Сондай-ақ мал шаруашылығын айналым қаражатымен қамтамасыз етуге 1 трлн сум несие бөлінеді. Оның 18 пайыздан астамы Кәсіпкерлік қоры есебінен өтеледі.

    Вьетнам мен Қытай тәжірибесі негізінде пілләні өнеркәсіптік өсіру қолға алынып, тут плантациясы салынады. Жібек шаруашылығы институтында 2 асыл тұқымды ұрық станциясы іске қосылады.

    Салада материалдық қызығушылықты арттыру мақсатында нарықтың принциптері екі кезеңде беріледі. Биыл бірінші кезеңде піллә бағасы 25 пайызға көтеріледі. Тұрғындар піллә өндіруге субсидияланып, піллә өсірушілер табыс салығынан босатылады. Екінші кезеңде 2025 жылдан бастап үкімет бағаны анықтаудан, нақты аудандар мен шаруаларды кластерге бекітуден бас тартады. Піллә фермер мен кластер арасындағы еркін баға шарты негізінде немесе биржа арқылы сатылады.

    Сондай-ақ өзен жағаларында және үйлерде тоғандар орнату арқылы балық өсіруді арттыру бойынша тапсырмалар көрсетілді.

    Жиында қаралған мәселелер бойынша жауапты тұлғалардың есебі мен жоспарлары тыңдалды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates