Президент Имам Бұхари кесенесін зиярат етті
Президенті Шавкат Мирзиёев 22 наурыз күні Самарқанд қаласына барып, Имам Бұхари кесенесін зиярат етті. Құран оқылып, дұға бағышталды.
Ташкент қаласындағы «Жаңа Өзбекстан» саябағында 21 наурыз күні Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жиналған жұртшылыққа арнап құттықтау сөз сөйлеп, халықты Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтады.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев 20 наурыз күні телефон арқылы сөйлесіп, бір-бірін және екі елдің бауырлас халықтарын көктемнің ұлы мерекесі – Наурызбен шынайы құттықтап, бейбітшілік, тұрақтылық, өсіп-өркендеу мен молшылық тіледі.
Қызметкер штаттың қысқаруына немесе біліктілігінің жеткіліксіз болуына байланысты жұмыстан босатылған кезде жұмыс беруші қызметкерге оның мамандығы мен біліктілігіне сәйкес басқа жұмысқа ауыстыруды немесе мұндай жұмыс болмаған жағдайда жұмыс берушіде бар кез келген басқа жұмысты ұсынуға міндетті.